Трамп әкімшілігі Вашингтондағы Линкольн мемориалының жанында орналасқан «Соғыс өнері» мүсіндерін 23,75 караттық алтынмен қайта жалатты. Федералдық жазбаларға сәйкес, жобаның құны 5,1 млн долларды құрады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

BBC Вашингтон тұрғындарынан осы жөндеу жұмыстары туралы не ойлайтынын сұрады. Кейбір тұрғындар мүсіндердің жаңа көрінісін жоғары бағаласа, басқалары мұндай шығынды негізсіз деп санайды. Жалпы, қоғамдық пікір екіге жарылды.