Винсент Ван Гогтің 60 жылдан астам уақыт бойы көпшілікке көрсетілмеген картиналарының бірі Гонконгте көпшілікке ұсынылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ван Гог «Châtaigniers en fleurs» (Гүлдеген каштан ағаштары) картинасын 1890 жылы қайтыс болуынан шамамен екі ай бұрын Францияның Auvers-sur-Oise ауылында салған.

Sotheby's аукцион үйінің бағалауы бойынша, картина 180 миллион долларға (136 миллион фунт стерлингке) сатылуы мүмкін. Бұл Ван Гогтің туындысы үшін аукциондағы ең жоғары баға болмақ.

Картина осы демалыс күндері Нью-Йоркте аукционға қойылады.