Белсенді Марат Тұрымбетов танымал комик Нұрлан Сабыровты «жалдамалылық» бабы бойынша тексеруді сұрап, Бас прокуратураға шағымданды, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.

Арыз иесі Марат Тұрымбетовтің айтуынша, Сабыровтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 170-бабына («Жалдамалылық») сәйкес келуі мүмкін.

Белсенді Сабыровтың «Вагнер легионы Истра» жеке әскери компаниясымен байланысы бар деп есептейді. Оның сөзінше, бұл ұйым «Вагнер» тобының бір бөлігі, ал оның мүшелері жалдамалы сарбаздар болып саналады.

««Құзырлы органдар істің анық-қанығын ашады деп сенемін. Егер бұл жалған жала болса, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапкершілік арқалауға дайынмын. Бас прокуратураның ресми жауабын күтеміз», – деп жазды белсенді әлеуметтік желідегі парақшасында.»

Фото: Әлеуметтік желіден