Бас прокуратура азаматтарды Ұстаздар күні қарсаңында таралып жатқан жаңа алаяқтық схема туралы ескертті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша, алаяқтар ұстаздарға арналған тиімді сыйлық ұсыныстары бар жалған сайттарға сілтемелер жібереді.

«Алаяқтар алдау үшін жасанды интеллект көмегімен іс жүзінде жоқ тауарлардың суреттерін жасайды, ал сатушының орнына сатып алушыға чат-бот жауап береді. Мұндай сайттар шынайы дүкендерге ұқсас, бірақ төлем жасағаннан кейін сатып алушының ақшасыз да, сыйлықсыз да қалу қаупі бар», — дейді Бас прокуратурада.

Бас прокуратура өзіңізді қорғау үшін мыналарды ескеруді ұсынды:

  • 01күмәнді хабарламалардан келген сілтемелер бойынша өтпеңіз және нөмірлерге қоңырау шалмаңыз;
  • 02парольдерді, PIN-кодтарды, банк карталарының CVV-кодтарын және SMS-тен келген растау кодтарын айтпаңыз;
  • 03сайттың шынайылығына және сатушының сенімділігіне көз жеткізгенше дейін алдын ала төлем жасамаңыз;
  • 04тапсырыстар туралы ақпаратты сатушының ресми сайты немесе қосымшасы арқылы, оларды өз бетіңізше ашып тексеріңіз.

Егер карта деректерін беріп қойсаңыз немесе күмәнді қаражаттың алынып кеткенін байқасаңыз, дереу банкпен байланысып, картаны бұғаттау және болған жағдай туралы полицияға хабарлау керек.