Фото: видео скриншот
Желіде әнші Сәкен Майғазиевтің Маңғыстаудан келген құдағиын қарсы алған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат порталы.
Бейнежазбада жаңа түскен жас келіннің ата-анасы алдынан шыққан сәті көрсетілген. Кадрларда келіннің анасы қызының жүдеу көрінісіне алаңдап:
««Ұстайтын жері қалмапты ғой…» — деп айтады.»
—
Ал Сәкен Майғазиев бұл сөзге әзілмен:
««Салмақ қостыра алмай жүрміз…» — деп жауап береді.»
—
Видео авторы да оқиғаның астарына әзіл қыстырып:
««Маңғыстаулық құдағи қарамайды. Сәкеннің баласысың ба, Мейрамбектің баласысың ба – айта салады,» — деп жазған.»
—
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл сәтке түрлі пікір қалдырды:
««Біздің Жаңаөзеннің қызын сонша аздырып…», «Жас қой, семіреді уақыт өте келе», «Атасының жауабы қандай орынды болған…» – деп жазды олар.»
—