Алматы қаласының әуежайында «Алматы-Бангкок» бағытындағы әуе рейсінен желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акт бойынша шетелдік төрт азаматты ұшақтан түсірді. Олардың екеуі масаң күйде болған. Араларында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Көліктегі полиция департаменті хабарлағандай, әуе кемесінің бортында бұзақылық әрекеттер жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушылардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.