Астаналық әйел ұшақ бортында полиция қызметкерін балағаттағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, наурыз айында мас күйде болған жолаушы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қызметтік міндетін атқарып жүрген билік өкілін көпшілік алдында қорлаған. Әйелдің ісі сотта қаралып, оған айыппұл салынды.