Қазақстанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) «Рубеж» оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі аяқталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, «қарсылас» шекара маңындағы аумақтың бір бөлігін бақылауына алып, елді мекенді басып алған.
Жаттығу барысында авиация, ұшқышсыз жүйелер, радиоэлектрондық күрес құралдары, әуе шабулына қарсы қорғаныс жүйелері және реактивті дүркіндете ататын жүйелер қолданылды.
Оқу-жаттығулар шынайы ұрыс жағдайына барынша жақындатылған жағдайда өтті.
Маневрлерге шамамен 1,5 мың әскери қызметші мен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жедел топтары қатысты.
Сондай-ақ 300-ден астам әскери және арнайы техника бірлігі, 115 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
