23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы парламент – Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Қазақстандағы парламенттік сайлаудың өту барысына арналған ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы өкілдерінің брифингі өтіп жатыр.

ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы атынан келген халықаралық бақылаушылар сайлау учаскелеріндегі дауыс беру барысына мониторинг жүргізіп жатыр.

Спикерлер

  • 01**КАРТАПОЛОВ Андрей Валериевич** — ҰҚШҰ ПА халықаралық бақылаушылар тобының үйлестірушісі, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Қорғаныс комитетінің төрағасы;
  • 02**ЖАМСУЕВ Баир Баясхаланович** – Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Халықаралық істер комитеті төрағасының орынбасары.