Ресейде «Өзара іс-қимыл-2026», «Іздеу-2026» және «Эшелон-2026» оқу-жаттығулары өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әскери қызметшілер барлау жүргізу, қарсыластың позицияларына атыс соққысын жасау, елді мекенге шабуылдау, резервтерді жою және шекаралық бақылауды қалпына келтіру бойынша тапсырмаларды пысықтады.

Жаттығулар барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары мен роботтандырылған кешендерді қолдануға ерекше назар аударылды.

ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыков оқу-жаттығу аясындағы барлық оқу-жауынгерлік міндет толық көлемде орындалғанын мәлімдеді.