Бішкекте ШЫҰ+ форматында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Талғатбек Масадықов пен БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш жұмыс кездесуін өткізді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында халықаралық саясат пен қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Тараптар БҰҰ-ның өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимылының маңызы артып келе жатқанын атап өтіп, туындаған қақтығыстарды диалог арқылы шешу қажеттігін айтты.
Талғатбек Масадықов пен Антониу Гутерриш ҰҚШҰ мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. Бұл кездесу екі ұйым арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
