ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары Таалатбек Масадыков Брянск облысында Украина қарулы күштерінің балалар мінген автобусқа жасаған соққысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 17 маусымда болған. Беларусьтың жасөспірімдер футбол командасы Ресейдің Геленджик курорттық қаласына бара жатқан. Бортта 44 жолаушы болған, оның ішінде Речица қаласындағы №2 жасөспірімдер спорт мектебінің 28 жас спортшысы бар.
Соққы кезінде топпен бірге барған бір әйел қаза тапты. Жарақат алған балалар да бар. Екі бала жансақтау бөлімінде жатыр.
Масадыковтың мәлімдемесі: "ҰҚШҰ хатшылығының атынан беларусьтық әріптестерімізге Ресей Федерациясының Брянск облысында Беларусь азаматтары, оның ішінде балалар отырған автобусқа соққы жасалуына байланысты көңіл айтамын. Қазіргі уақытта бір жолаушы қаза тауып, сегіз адам жараланғаны белгілі", - деп жазды ол. Ол Киевтің балаларға жасаған шабуылын айыптады.
