ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыков қазақстандық әскери қызметшілердің қазасына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазақстанның әскери қызметшілерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза табуына байланысты шын жүректен көңіл айтамыз. Марқұмдардың отбасылары мен жақындарына қайғыра отырып көңіл айтамыз және қайғылы оқиғада жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз», — деді Бас хатшы.
24 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығулар кезінде 17 әскери қызметші теңізге батып кетті. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметкер көз жұмды.
Бас прокуратура әскери қызметшілердің қазасына байланысты күдіктілерді анықтады. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Тоқаевқа Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтқаны хабарланған.
