Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Жансейіт Қайнарбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде экс-әкімнің ұсталғаны және оның адам ұрлау оқиғасына қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған.
Алайда ҰҚК Қайнарбаевтың ұсталғаны туралы мәліметті растаған жоқ. Сондай-ақ оған қандай айып тағылғаны жөнінде ақпарат бермеді.
Жансейіт Қайнарбаев 2024 жылдың ақпанынан 2026 жылдың қыркүйегіне дейін Жаңаөзен қаласының әкімі қызметін атқарған. Кейін Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі болып тағайындалған.
