Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) елде республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығу өтетіні туралы ескертті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Найза-Антитеррор-2026» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы 2026 жылдың 5-30 маусым аралығында өткізіледі. Ведомстводағылар азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауға шақырды.
«Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеңіздер», - деп жазылған хабарламада.
Бұл іс-шараларға байланысты жекеленген аудандарда автокөлік қозғалысын уақытша шектеу көзделген.
