Үндістанның Джаркханд штатында жеті адам мінген медициналық ұшақ апатқа ұшырап, борттағылардың барлығы мерт болды, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Beechcraft C90 әуе кемесі ұшып шыққаннан кейін бірнеше минуттан соң қалың орманға құлаған.

Апат салдарынан күйік шалған науқас, оның екі туысы, бір дәрігер, фельдшер және екі ұшқыш көз жұмды.

Алдын ала болжам бойынша, ұшқыштар ауа райының қолайсыздығы мен қатты турбуленттілікке байланысты басқарудан айырылып қалған.

Куәгерлердің айтуынша, қатты жарылыс дыбысы естіліп, артынша орман үстінен қою түтін көтерілген. Қазір оқиға орнында Авиациялық оқиғаларды тексеру бюросының комиссиясы жұмыс істеп жатыр.