«Ұмай» ипотекасы екі аптадан кейін беріле бастайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Отбасы банк» АҚ басшысы Ләззат Ибрагимова үкіметте өткен брифингте әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасы екі аптадан кейін беріле бастайтынын мәлімдеді. Бұған дейін ипотекалық бағдарлама тамыз айында қайта іске қосылады деген ақпарат болған.
«Ұмай» ипотекасы тамыздың аяғына дейін іске қосылады. Бүгінде біз Азия даму банкінен берілетін ақшаның сомасын білеміз. Меніңше, бұл бағдарлама екі аптадан кейін басталады», - деді Ибрагимова.
Бағдарлама шарттары
- 01Мөлшерлеме – 14.4% (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 15.4%-дан бастап 16,4% дейін), одан кейін несие сомасының 50 процентін жинағаннан кейін 3.5% - 5% - ға дейін төмендейді (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 3.6% - дан).
- 02Бастапқы жарна - 15-20%.
- 03Несие сомасы - 50 млн теңгеге дейін.
- 04Мерзімі - 6 айдан 10 жылға дейін.
Баспананы бастапқы немесе қайталама тұрғын үйден алуға болады. Бұдан бөлек, үйді жөндеуге де кредит қарастырылған. Бірақ ең жоғары сомасы 15 млн теңгеден аспайды.
