Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев "Қызылорда-Жезқазған" жолының құрылыс барысы жайында айтып берді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Былтыр осы жолдың Қызылорда жақтағы 216 шақырымы пайдалануға берілген болатын. "Биыл енді Ұлытауға дейінгі жолды толығымен аяқтап, ел игілігіне табыстайтын боламыз", - деді Нәлібаев мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, осы айда "Қарағады-Жезқазған" жолының құрылысы басталады. 575 шақырым жолдың жұмысын екі жылда аяқтау жоспарланған. "Жалпы алдағы үш жылда ірі жобалар жүзеге асатын болады. Бұл жол мүлдем жаңадан салынады", - деді вице-премьер.
Жаңа жол Қызылорда облысы мен Ұлытау аймағын байланыстырып, транзиттік әлеуетті арттырады. Жоба елдің инфрақұрылымдық дамуына маңызды үлес қосады деп күтілуде.
