Ұлытау облысындағы Сәтбаев қаласынан 35 км қашықтықта орналасқан «Оңтүстік Жезқазған» кенішінің №45 шахтасы аумағында өрт болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

22 қыркүйек сағат 13:05-те басталған өрттің жер үстіндегі жануы 1 сағатта оқшауланды. Кейін өрттің шахта оқпанының жерасты бөлігіндегі ағаш конструкцияларға тарағаны анықталған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 233 метр ағаш қаптаманың бойы жанған. Шахта 2025 жылдан бері пайдаланылмайды, дейді ТЖД.

Қауіпсіздік мақсатында №65 шахтаның жұмысы тоқтатылып, 152 адам жер бетіне толық шығарылды. Қазіргі уақытта шахтадағы жағдайды барлау жұмыстарын ЖАСО қызметкерлері мен инженерлік-техникалық құрамнан тұратын 25 адам жүргізіп жатыр.

Өрт толығымен сөндірілген.