Ұлыбританияның Йоркшир графтығындағы хайуанаттар бағында қоршау ішіне секірген адамды жолбарыс талап тастады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Guardian басылымы полицияға сілтеме жасай отырып, Йоркширдегі хайуанаттар бағында жолбарыс бар қоршауға секіргеннен кейін ер адам қайтыс болғанын хабарлады.

The Telegraph газетінің мәліметінше, хайуанаттар бағына барған ер адам жолбарыс бар қоршауға секіріп кірген, содан кейін оған жыртқыш шабуыл жасап, ауыр жарақат алған.

Газеттің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі ер адамның алған жарақатынан көз жұмғанын растады.

БАҚ хабарлағандай, оқиға болардан біраз бұрын ер адам өзінің танысына оны жолбарыспен суретке түсіруді тапсырған.