Ұлыбритания 61 миллион фунт стерлинг (82 миллион доллардан астам) болатын келісімшарт аясында Украинаға 105 және 155 миллиметрлік артиллерияға арналған ұңғыларды (ствол) жеткізуді бастады. Бұл туралы сәрсенбі күні Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Ұлыбританияда өндірілген 150 артиллериялық ұңғының алғашқы партиясы 61 миллион фунт стерлинг көлеміндегі келісімшарт аясында Украинаның қорғаныс қабілетін нығайту мақсатында жеткізілді", – делінген қорғаныс ведомствосының мәлімдемесінде.
105 және 155 миллиметрлік артиллериялық қаруларға арналған ұңғыларды BAE Systems компаниясы Шеффилд қаласындағы зауытында шығарады. Алғашқы төрт ұңғы Украинаға жеткізілді.
Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Киев осы ұңғылардың негізінде өз өндірісін жолға қоя алады.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.
