Лондондағы Ұлттық мұрағат (The National Archives) АҚШ Тәуелсіздік декларациясының 1776 жылғы сирек басылымын тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжат 1776 жылы шілдеде Эксетерде басылған. Ол британдықтар тұтқындаған американдық кеменің қағаздары арасынан табылған. Майкл Скурр (Michael Scurr) соңғы 11 жыл бойы Ұлыбританияның Ұлттық мұрағатында ерікті болып жұмыс істейді, бейсенбі таңертеңдерін құжаттарды мұқият каталогтауға арнайды. Дәл осы Скурр құжатты анықтаған.

Табылған дана – Тәуелсіздік декларациясының алғашқы басылымдарының бірі. Ол АҚШ тарихы үшін үлкен маңызға ие. Құжат қазір Лондондағы Ұлттық мұрағатта сақтаулы.