Ұлыбритания королі Карл III таққа отырғаннан кейін төлеген салықтарының мөлшерін алғаш рет жария етеді. Бұл ақпарат король сарайының жылдық қаржылық есебіне енгізіледі, оның жақын арада жариялануы күтілуде. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Заң бойынша британ монархы табыс салығын, капитал өсімінен алынатын салықты және анасы – марқұм патшайым Елизавета II-ден алған мүлікке мұрагерлік салығын төлеуге міндетті емес. Алайда Карл III кейбір салықтарды, соның ішінде жеке активтерін сату кезінде туындайтын салықтарды ерікті түрде аударуға келісті.

Король әкімшілігінде бұл деректерді жария ету шешімі қаржылық операциялардың ашықтығын арттыруға және қоғамға сарайдың есеп беру принциптері туралы толық түсінік беруге ұмтылумен байланысты екенін түсіндірді.

Мұндай тәжірибе Карл III үшін жаңалық емес. Бұрын ол Уэльс ханзадасы атағын иеленген кезде салық төлемдері туралы мәліметтерді жариялап келген және таққа отырғаннан кейін де бұл тәсілді сақтауды шешті.

Ресми міндеттерін орындауға бөлінетін мемлекеттік қаражаттан басқа, король жер иеліктерінен, жеке жылжымайтын мүліктен және инвестициялардан жеке табыс алады.

Осы аяда Британ парламенті бұған дейін король отбасы мүшелеріне тұрғын үй берілетін жағдайларды тексеруді бастаған болатын.

Бұған дейін «Курсив» британдық радиостанцияның тікелей эфирде Карл III-ті «жерлеп» алғаны туралы жазған еді.