Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі бейсенбі күні Киевте әскери өнеркәсіппен жұмыс істейтін британдық шағын және орта бизнес компанияларына арналған бизнес-орталықтың ашылғанын хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Украинада британдық өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған алғашқы мамандандырылған бизнес-орталық ашылды. Ол Қару-жарақ жөніндегі ұлттық дирекцияның (National Armaments Director, NAD), өнеркәсіптік серіктестер мен қаржы саласы өкілдерінің тығыз ынтымақтастығының нәтижесінде құрылды», — делінген қорғаныс ведомствосының мәлімдемесінде.
Қару-жарақ жөніндегі ұлттық дирекция Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің құрамына кіреді және ел қарулы күштерінің арсеналын басқаруға жауап береді.
Ведомствоның мәліметінше, орталық шағын және орта кәсіпорындарға украиналық серіктестермен байланыс орнатуға, жергілікті жағдай туралы ақпарат алуға, сондай-ақ бірлескен әзірлемелермен, өндіріс және инвестициялық жобалармен айналысуға көмектеседі.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды «отпен ойнап жатыр» деп санайды.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.
