Ұлыбритания 68 000-нан астам украин әскери қызметшісін даярлады, деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің парламенттік хатшысы Луиза Хейг. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Лейбористер партиясынан сайланған депутат Гордон Маккидің украин әскерилерін даярлау санына қатысты сауалына жауап бере отырып, Хейг: "Ұлыбритания жетекшілік ететін бағдарламалар аясында 68 000-нан астам украин әскери қызметшісі Ұлыбританияда әскери дайындықтан өтті", — деді.

Жазбаша жауап Ұлыбритания парламентінің сайтында жарияланды. Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі 2022 жылы Украина Қарулы күштерінің жаяу әскерін даярлау мақсатында "Interflex" операциясын бастады.

Бағдарламаға Ұлыбританиядан бөлек, тағы 13 серіктес ел қатысып жатыр. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұған дейін НАТО елдерінің қақтығысқа тікелей қатысып отырғанын, яғни олардың тек қару-жарақ жеткізумен ғана шектелмей, Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде жеке құрамды даярлаумен де айналысып жатқанын мәлімдеген болатын.

Кремль Батыстың Украинаны қару-жарақпен жаппай қамтамасыз етуі келіссөздер жүргізуге ықпал етпейтінін атап өтті.