2027–2029 жылдары Ұлттық қордан кепілдендірілген және нысаналы трансферттер түрінде қанша қаражат алынатыны және қордың таза валюталық активтері қандай деңгейде болатыны белгілі болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл мәліметті Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Құрылтайдың бүгінгі отырысында айтты.

Кепілдендірілген трансферттер

2027–2029 жылдары Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттер түрінде мынадай қаражат алу жоспарланып отыр:

  • 012027 жылы – 2 трлн 430 млрд теңге;
  • 022028 жылы – 2 трлн 430 млрд теңге;
  • 032029 жылы – 2 трлн теңге.

Нысаналы трансферттер

Бұдан бөлек, ірі құрылыс жобаларына және ел үшін маңызды нысандарға Ұлттық қордан нысаналы трансферттер бөлінеді. Оның көлемі:

  • 012027 жылы – 2 трлн теңге;
  • 022028 жылы – 1,5 трлн теңге;
  • 032029 жылы – 1,5 трлн теңге.

"Қаражат аса маңызды объектілер мен жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыруға бағытталады", – деді Серік Жұманғарин Құрылтайдың бүгінгі отырысында.

Қордың таза валюталық активтері

Үкімет кепілдендірілген және нысаналы трансферттерді есепке алғаннан кейін Ұлттық қордың таза валюталық активтері қандай деңгейде болатынын да жоспарлаған. Болжам бойынша қордың таза валюталық активтері:

  • 012027 жылы – 65,2 млрд АҚШ доллары;
  • 022028 жылы – 67,3 млрд АҚШ доллары;
  • 032029 жылы – 70,6 млрд АҚШ доллары болады.