Қазақстанның барлық өңірінде әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым жобаларына Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге (14 млрд доллар) бөлінеді. Бұл туралы республика үкіметі хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта жалпы сомасы 1,5 трлн теңгені (3,3 млрд доллар) құрайтын 262 жоба мақұлданған.

Үкімет Ұлттық қор қаражатының қалай жұмсалатынын қатаң бақылауға алуға уәде берді.