Қазақстан Ұлттық банкі «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» коллекциялық монетасын айналымға шығарды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мифтер, аңыздар, әзіл әлемі» сериясының монеталарын 2026 жылдың 2 қыркүйегінен бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.

«Монета дизайны "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" дастанының желісімен дүниеге келді», – деп жазылған ұлттық банктің хабарламасында.

Монета мельхиор қоспасынан (МН 25) тұрады, оны дайындау кезінде тампонды баспа технологиясы қолданылған.

Монетаның сипаттамасы

  • 01Массасы: 15 грамм
  • 02Диаметрі: 33 мм
  • 03Дайындау сапасы: «brilliant uncirculated»
  • 04Номиналы: 200 теңге
  • 05Таралымы: 7 000 (жеті мың) дана

Коллекциялық монеталар Қазақстанның барлық аумағында өзінің номиналдық құны бойынша пайдаланылады. Сондай-ақ оларды елдегі барлық банкте банк шотына салуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.

Коллекциялық монета Қазақстан теңге сарайында дайындалды.