Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясымен жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Монетаның атауы мен құрамы

Монета «Nb (Ниобий)» деп аталады. Оның құрамында металлургияда, электроникада, сондай-ақ аэроғарыш және атом өнеркәсібінде қолданылатын сирек металл — ниобий бар.

Атауының шығу тегі

«Монета ежелгі грек мифологиясындағы кейіпкер, Танталдың қызы Ниобаның құрметіне аталған. 925 сынамалы күмістен жасалған монетаға ниобий орнатылған. Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды», – деп хабарлады Ұлттық банк өкілдері.

Салмағы мен құрамы

Коллекциялық монетаның жалпы салмағы – 32,8 грамм. Оның ішінде 31,1 грамы – күміс, 1,7 грамы – ниобий.

Номиналы мен тиражы

Номиналы 1 000 теңгелік монета 1 000 данамен шығарылды. Оны 12 қазаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.

Төлем қабілеттілігі

Айта кетері, коллекциялық монеталар Қазақстан аумағында өз номиналына сәйкес төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады. Сондай-ақ оларды елдегі барлық банкте банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.