Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,75%-дан 16,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
2026 жылға арналған инфляция болжамы өзгеріссіз қалды: көрсеткіштің 9–11% аралығында қалыптасуы күтілуде. Базалық сценарий бойынша 2026 жылға арналған ЖІӨ өсімінің болжамы да өзгеріссіз қалып, 4,5–5,5% деңгейінде бағаланып отыр.
Ұлттық банк мәлімдеуінше, ағымдағы инфляция мен инфляциялық күтулердегі оң үрдістер қабылданған шешім аясында базалық мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 2027 жылға арналған болжамдарды қайта қарауға түрткі болған инфляциялық факторлар мен тәуекелдердің күшеюін ескере отырып, мөлшерлемені одан әрі төмендету мүмкіндігі шектеулі.
«Болашақ шешімдер инфляция бойынша келіп түсетін деректерге және олардың болжанған траекторияға сәйкестігіне, сондай-ақ ішкі сұраныс, инфляциялық күтулер, реттелетін бағалар үрдістеріне және фискалдық әрі квазифискалдық ынталандыру шараларының ауқымы мен әсеріне негізделетін болады», — деп мәлімдеді Ұлттық банк.
Айта кетері, маусым айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 проценттен 17-ге дейін төмендеткен. Ал шілдеде 16,75 процентке түсіруге шешім қабылданған болатын.
