Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,75% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша, базалық мөлшерлеме 16,25%-дан 15,75%-ға төмендеді. Бұл шешім Ұлттық банктің ресми хабарламасында жарияланды.

Айта кетері, маусым айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 проценттен 17-ге дейін төмендеткен болатын. Шілде айында 16,75 процентке, қыркүйекте 16,25 процентке дейін төмендеткен. Осы жолы бірден 0,5 тармаққа төмендетіп отыр.

Жылдық инфляция он екі ай бойы төмендеп, ұстамды қатаң ақша-кредит саясаты мен теңге бағамының қолайлы динамикасы жағдайында 2026 жылғы қыркүйекте 9,3% болды. Баға қысымы әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр. Ал сын-қатер теңгерімі проинфляциялық жаққа қарай ауысқан.

Жыл соңына қарай реттелетін тарифтер бойынша 2025 жылғы төмен база әсерінен жылдық инфляция біршама жеделдеуі мүмкін, дейді Ұлттық банк.