Қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы Салима Омарова сотта күйеу баласы Әділет Зейнептен 4,5 млн теңгені не үшін алғанын түсіндірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Салима Омарованың айтуынша, ауылда адам қайтыс болғаннан кейін апта сайын «бейсенбілік» өткізіледі. Осыған байланысты қаражат қажет болғандықтан, үлкен қызы Әділеттен 4,5 млн теңгені қарызға сұраған. Мамыр айында Әділет ақшаны қайтаруды талап етіп, әйтпесе сот арқылы өндіріп алатынын айтқан. Ол бұл ақшаға қызының кредитін жабатындарын да айтқан.

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасуда. Тұрғын үйдегі мүлік иелері бірлестігінің (ОСИ) төрағасы Сәуле Жұбаниязоваға «Міндеттеріне адал қарамау» бабы бойынша айып тағылып отыр.

Еске сала кетейік, 2025 жылы 8 қарашада елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлап, салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Олардың арасында қызметтік міндетін атқаруға барған екі фельдшер болды. 23 жастағы Ұлдана Мырзуан 18 қарашада ауруханада қайтыс болды.