Фото: видео скриншот
Әлеуметтік желіде кеше, 13 қазанда өткен Үкімет сағатындағы депутат Дәулет Мұқаевтың әрекеті қызу талқылануда, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
Бейнежазбада оның ұйқысы келіп, шаршап отырғаны байқалады. Алайда мәжілісмен Мұқаев бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Депутат бұл жағдайға қатысты өз парақшасында пікір білдірді:
««Айтайын, Үкімет отырысында әрең отырдым. Себебі біраз уақыттан бері белімде протрузия (L-5, L-6) бар еді. Белімнің сақинасы айналып кетті ме, әлде «грыжаға» айналды ма — білмеймін, дәл қазір отырсам да, жатсам да белім қатты ауырып тұр. Үкімет сағатынан кейін ауруханаға барып, укол салдырдым. МРТ-ға орын болмай, тек келесі аптаға жазылдым. Уколдың әсерімен әрең үйге жеттім. Мені сүйреп апарған көлік жүргізушісіне үлкен рақмет», – деді ол.»
—