Құрылтайда алдағы үш жылдық бюджеттің жобасы таныстырылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

2027 жылы бюджеттің 35 проценті — 10,5 трлн теңге денсаулық сақтау, білім мен әлеуметтік салаға бөлінеді.

Мәселен, медицинада тегін көмекке, дәрі-дәрмек пен медициналық сақтандыруға біраз ақша жұмсалады.

Ал білім беру саласында 76 мың ұстаздың біліктілігін арттыру, 18 мың баланы сауықтыру мен оңалту, "Келешек мектептерінде" білім беру деңгейі мен сапасын арттыру сияқты шаралар жоспарланған.

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлының айтуынша, алдағы үш жылда мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтеруге арналған қаржы қарастырылмаған.

"2027-2029 жылдарға арналған бюджетте осы санаттағы қызметкерлерге еңбекақыны жоғарылату, көтеру бойынша қаражат қарастырылмаған", — деді Бейсенбекұлы Құрылтайда өткен брифингте.

Айта кетері, соңғы бірнеше жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы екі есеге өскен.

Ал дәрігерлердің жалақысы үш жыл бұрын жарты миллион теңге болған. Биыл дәрігерлердің жалақысы 519 мың теңгеге дейін өсті – министр.