Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Өзбекстанның арнайы қызметтерімен бірлесіп, Ауғанстаннан «Солтүстік бағыт» арқылы есірткі тасымалдаған халықаралық арнаның жолын кесті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, операция барысында Ресейдің Түмен қаласында халықаралық есірткі тобының екі мүшесі ұсталды.
«Тінту кезінде олардан қара нарықтағы құны шамамен 300 мың АҚШ долларын құрайтын 30 келі ауған гашиші тәркіленді», – деп хабарлады комитет.
Қазіргі уақытта Ресейдің құзыретті органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Бұған дейін Жамбылда шетелдік танымал әнші NAVAI есірткі контрабандасы күдігімен ұсталғаны туралы хабарланған болатын.
