Үндістанның жеке аэроғарыш компаниясы Skyroot өзінің алғашқы орбиталық зымыраны Vikram-1-ді сәтті ұшырды. Бұл елдің жеке секторы үшін тарихи жетістік болып табылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Зымыран Үндістанның ғарыш айлағынан ұшырылып, жүкті орбитаға шығарды. Бұл миссия Үндістанның жеке ғарыш компанияларының дамуындағы маңызды қадам болып саналады. Skyroot компаниясы бұған дейін суборбиталық ұшуларды жүзеге асырған болатын.
