Үндістанның Джамму және Кашмир аймағында нөсер жаңбырдан болған су тасқыны салдарынан 12 адам қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Indian Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, толассыз жауған жаңбыр салдарынан Раджаури мен Пунч округтерінде су тасқыны болған. "Жексенбі күні Пунч пен Раджауриде болған су тасқыны көліктерді ағызып әкетіп, тұрғын үйлер мен жолдарды қиратты, салдарынан 12 адам көз жұмды", – деп жазады Indian Express.
Сондай-ақ басылым көптеген тұрғын үйді су басқанын, ал сел салдарынан жергілікті инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келгенін атап өтті.
