Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Ресей президенті Владимир Путинмен ШЫҰ саммиті аясындағы кездесуінде Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу қажеттігін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында Моди Украинадағы жағдайға тоқталып, барлық мәселені бейбіт жолмен шешу керектігін, "осы бағытты ұстану" қажеттігін атап өтті. Ол бұл мәселелердің барлығын талқылауды ұсынды.
Сондай-ақ Үндістан премьер-министрі Путиннің қыркүйек айында Нью-Делиде өтетін БРИКС саммитіне қатысуынан үлкен үміт күтетінін жеткізді.
Путин Модидің сөзінен кейін: "Көп рақмет, құрметті премьер-министр. Біз осы жолмен келе жатырмыз", – деді.
