Үндістанның қор биржалары мұнай бағасының төмендеуінен кейін соңғы екі айдағы ең ұзақ өсу сериясын көрсетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұнай бағасының төмендеуі импортқа тәуелді Үндістан экономикасына оң әсер етіп, инвесторлардың сенімін арттырды. Бұл жағдай биржалық көрсеткіштердің тұрақты өсуіне ықпал етті.
