Премьер-министр Олжас Бектенов атом өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясы аясында жаңа перспективалы уран учаскелерін зерттеу, геологиялық барлау және минералдық-шикізат базасын ұлғайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударылды.

Сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын одан әрі жүргізу жөніндегі жоспарлары қаралды.

Кеңес үкіметтің хабарламасына сәйкес өтті.