Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин доллар бағамына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Вице-премьердің айтуынша, келесі жылдың бюджетінде доллардың орташа бағамы 480 теңге деңгейінде белгіленген. Ол бұл туралы үкіметтегі брифингте мәлімдеді.
«Келесі жылдың бюджетінде базалық сценарий бойынша бір доллардың бағамын 480 теңге деңгейінде қарастырып отырмыз. Қазір теңгенің құнсыздануына ешқандай алғышарт жоқ», – деді Жұманғарин.
Сонымен қатар вице-премьер қазіргі уақытта теңгенің құнсыздануына ешқандай негіз жоқ екенін атап өтті.
Үкіметтің бүгінгі есебіне сәйкес, Қазақстан экономикасы теріс факторларға қарамастан өсіп келеді. Ал инфляцияның баяулауы аясында халықтың нақты ақшалай табысы артқан.
