Әлеуметтік желілерде ерекше қызмет түрі таралуда: пайдаланушыларға өзінің сүйікті жануарлары туралы естелікті алмазда, яғни Жердегі ең қатты материалда мәңгілікке сақтауды ұсынады. Kursiv LifeStyle бұл қызметтің қанша тұратынын білді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Компания үй жануарларының жүнінен, қауырсынынан немесе күлінен алмаздарды синтездейді. Осылайша ит, мысық, құс, теңіз шошқасы, қоян немесе хомяк туралы естелікті мәңгілікке сақтауға болады. Сондай-ақ, асыл тасты адамның шашынан да жасауға болады.
Жүн мен алмаз қалай байланысқан? Компанияда түсіндіргендей, жүн мен шаш құрамында кератин құрылымында шамамен 49% көміртегі бар. Ал алмаз – таза көміртегі. Оны барлық қоспалардан жер қойнауындағыдай жағдайда тазартады.
«Әрі қарай осы көміртегінен графитті диск жасаймыз, ол HPHT прессіне салынады, онда шамамен 1400°C температурада және 50-60 мың атмосфера қысымында көміртегі кристалданып, алмазға айналады», – деп түсіндірді идея авторлары пікірлерде.
Содан кейін тасты қырлап, өзіңізге, мысалы, сүйікті итіңіздің жүнінен жасалған гауһар тасты сақина жасатуға болады. Айтпақшы, жоғарыдағы бейнедегідей алмаз үшін небәрі 5 грамм жүн қажет. Ал синтезден кейін асыл тас дәл осылай көрінеді. Содан кейін оны әртүрлі түстерге бояуға немесе мөлдір күйінде қалдыруға болады.
Үй жануары немесе адам туралы естелікті осылайша мәңгілікке сақтау 0,5 карат (0,1 г) салмақтағы гауһар үшін шамамен 900 мың теңгеден басталады. Компанияның кеңсесі Ресей астанасында, ал зертханасы Беларусьте орналасқан. Жүнді жинау үшін клиентке пошта арқылы құралдар (пинцет, қасық), қапшық, шашқа арналған контейнер және нұсқаулық жіберіледі. Жинаққа цирконийден жасалған гауһарлардың «макеттері» де кіреді.
Бұған дейін Kursiv LifeStyle Алматыда үй жануарларына арналған колумбарий салуды жоспарлап жатқанын жазған болатын.
