Жапониядағы хайуанаттар бағының бірінде туған анасы қабылдаудан бас тартқан Панч есімді макака жұмсақ ойыншықты өзіне серік етіп, әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.

Панч дүниеге келгеннен кейін көп ұзамай анасы одан бас тартқан. Хайуанаттар бағының қызметкерлері кішкентай макаканың жалғызсырап қалғанына алаңдап, оған жұбаныш ретінде жұмсақ орангутан ойыншығын берген.

Содан бері Панч өзінің плюш досымен бір елі ажыраспайды. Ол ойыншықты құшақтап ұйықтайды, арқасына салып алып жүреді және оны өзінің қорғанышы санайтын тәрізді.

Панчтың ойыншыққа деген ерекше мейірімі түсірілген суреттер мен видеолар интернетте тез тарап, желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. Көпшілік оның тағдырына алаңдаушылық білдіріп, жылы лебіздерін жазып жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден