Түркияның Маниса провинциясында мектеп оқушысы мылтықтан оқ атып, 11 адамды жаралады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға бүгін таңғы уақытта Тургутлу қаласындағы кәсіби-техникалық лицейдің жанында болған. 15 жастағы мектеп оқушысы мылтықтан оңды-солды оқ жаудырған. Салдарынан 11 адам жараланды.

Жараланғандардың ішінде екеуі ауыр жарақат алды. Полиция күдіктіні ұстады.

Қазіргі кезде қалалық прокуратура тергеу шараларын бастады. Бұдан бөлек, мамандар жасөспірімнің мылтықты қайдан алғанын тексеруге кірісті.

Мектепте оған буллинг жасалды деген ақпарат бар. Осы мәлімет те тексеріледі.

Ал Анкара прокуратурасы кейбір әлеуметтік желі қолданушыларына қатысты тергеуді бастады. Олар Тургутлудағы қарулы шабуылдан кейін араңдатушылық сипаты бар хабарламаларды таратқан.