Түркияның Ыстанбұл қаласында 26 жастағы қазақстандық қыз көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Түркиялық БАҚ-тың мәліметінше, қыз алтыншы қабаттағы балконнан көрші ғимараттың шатырына өтпек болған. Болжам бойынша, ол шатырдағы бос кеңістіктің үстіне орнатылған қалқанды басқан кезде, ол қыздың салмағына шыдамай, төменге құлаған.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматының көз жұмғанын растады.
"Дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Түркияның құзыретті органдары тергеу жүргізіп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деп хабарлады министрлік.
Іс Қазақстан сыртқы істер министрлігінің бақылауында.
