Түркия Украинадағы атысты тоқтату мүмкіндігі әлі де бар деп есептейді. Бұл туралы Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Киевте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Осы қою қараңғылықтың соңында жарық көріне бастаған шығар. Сондықтан үмітімізді үзбейміз», – деді Фидан. Оның айтуынша, Анкара дипломатиялық байланыс орнатуды жалғастырып, тараптардың келіссөз үстеліне қайта оралуына үміт артады. Министрдің сөзінше, қазіргі күрделі жағдайға қарамастан, Түркия атысты тоқтату және қақтығысты саяси жолмен реттеу мүмкіндігі сақталып отыр деп санайды. Сондай-ақ Хакан Фидан Анкара бейбіт шешім табу үшін барлық тараппен жұмысты жалғастыратынын атап өтті.