Түркия тараптар келіссөз үстеліне қайта отыруға дайын екенін растаған жағдайда, Украина мәселесі бойынша Ыстанбұлда келіссөздің жаңа раундын қысқа мерзімде ұйымдастыруға дайын. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дипломатиялық дереккөз РИА Новости агенттігіне берген мәліметінде: "Ыстанбұлда келіссөзді қысқа мерзімде ұйымдастыруға болады. Ол үшін тараптардың келіссөз үстеліне отыруға дайын екендігі туралы белгі беруі жеткілікті", – деді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 шілдеде Омбы қаласында Ресей президенті Владимир Путинмен өткен кездесуде Украинадағы қақтығысты реттеу үшін Ыстанбұл келісімдері формуласына қайта оралуға болатыны туралы пікір білдірген болатын.
Ал Ресей президенті Владимир Путин үкімет мүшелерімен кеңес барысында Ресейдің Украинамен 2022 жылы Ыстанбұлда қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде бейбіт келіссөз жүргізуге дайын екенін айтқан.
Ресей мен Украина 2025 жылы Ыстанбұлда тікелей келіссөздің үш раундын өткізген. Кездесулер нәтижесінде тараптар тұтқын алмасты. Қақтығысты реттеу бойынша меморандум жобаларын да алмасты.
