Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Ресей-Украина қақтығысын тоқтату үшін халықаралық қауымдастықты арағайындық күш-жігерін жандандыруға шақырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фидан Anadolu агенттігіне берген сұхбатында: "Халықаралық қауымдастық арағайындық жасауға күш салуы қажет, өйткені қақтығыстың шиеленісуі өте қауіпті сипат алып барады", — деді.
Министрдің айтуынша, кейбір күштер қақтығыстың жалғасуынан пайда табамыз деп санайды. Алайда мұндай үрдіс үлкен қауіп төндіреді.
