Түркия дрон шабуылдарының көбеюіне байланысты Дарданелл бұғазы арқылы Қара теңізге сауда кемелерінің өтуін шектеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Түркияның Жағалау қауіпсіздігі бас басқармасы Новороссийскіге бара жатқан бірнеше кемеге мұндай бағыттар бойынша транзитке рұқсат бермейтінін немесе Дарданелл арқылы транзитке өтініштерді қарау үшін қосымша уақыт қажет екенін хабарлады.
БАҚ хабарламаларына сәйкес, бұл шектеулер Украинаға бара жатқан кейбір кемелерге де әсер еткен. Ормуз бұғазындағы жағдайға байланысты мұнай жеткізіліміндегі үзілістер аясында мұндай шаралар әлемдік сауданы қиындатуы мүмкін, деп жазылған мақалада.
Бір күн бұрын түріктің MV Güllük жүк тасымалдаушы кемесіне Новороссийск портының жағалауында дронмен соққы жасалды. Реттеуші орган Gemi Trafık-тің айтуынша, мұның артында Киев тұрған.
Дүйсенбіде жеміс-жидек пен көкөніс тасымалдайтын MV Reyhan Sarı кемесіне де дрон шабуылы жасалды. Кеме капитаны Ялчын Шахиннің айтуынша, Украина Қарулы күштері оларға алты немесе жеті дрон бағыттаған.
Сонымен қатар, 2025 жылдың соңында украин дрондары Түркия жағалауындағы танкерлерді нысанаға ала бастады. Guardian газетінің хабарлауынша, Киев бұл шабуылдарға қатысы бар екенін растады.
