Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ливандағы 7 500 адамнан тұратын БҰҰ бітімгершілік миссиясы (UNIFIL) жыл соңында аяқталғаннан кейін жаңа қауіпсіздік бастамасына қатысуға мүдделі екенін білдірді. Бұл туралы ол бейсенбі күні Анкарада ливандық әріптесі Джозеф Аунмен бірлескен баспасөз мәлімдемесінде айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі АҚШ пен оның жақын одақтасы Израильдің талаптарына бағынып, UNIFIL бітімгершілік миссиясын тоқтату туралы бірауыздан дауыс берді. Қазір БҰҰ балама нұсқаларды қарастыруда.
